Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің Гуманитарлық
бағыттағы әдістеме бірлестігінің 2016-2017 оқу жылының
І жартыжылдығындағы атқарған жұмыстары туралы
мәліметтік есебі.
Гуманитарлық әдістеме бірлестігінде тоғыз мұғалім бар.
Жетеуінің білімі жоғары, екеуінің
арнаулы орта білімді. Әдістеме бірлестігіне қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі
мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих және қоғамдық пәндер пәнінің мұғалімдері
кіреді. Әдістеме бірлестігі жоспарланған отырыстарды толық өткізіп, күн тәртібіндегі
мәселелер уақытында талқыланды. Оқу жылының басындағы бірінші отырыста
2015-2016 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, жаңа 2016-2017 оқу
жылының жұмыс жоспары қаралып, бекітілді. Әдістемелік бірлестік жаңа оқу
жылында «12 жылдық білім беру жүйесіне сай мұғалімдердің құзіреттілігін және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында жұмыс
жүргізеді. Мақсаты: Мұғалімдердің әдістемелік
шеберлігі мен кәсіби құзырлықтарын
дамыту, озық технологияларды шебер меңгере отыра, оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттыру, жеке тұлғаны қалыптастыру, озық педагогикалық
тәжірибелерді басшылыққа алу. Отырыста ашық сабақтар мен пән апталықтарының
уақыттары белгіленіп, жазба жұмыстарының нормаларымен нормативтік құжаттар
таныстырылды. Тілдер мерекесінің жоспары қаралып, атқарылатын іс-шаралар,
апталық өткізу жоспары құрылды.
Ешкім өз ұлттық тума тілінен әсте бас тартқан емес, ешқашанда
өз еріктерімен айнымайды. Сан ғасырлар
бойы қалыптасқан тіл қатынас мәдениетінің ғылым мен техника дамыған мына
ғасырға асып, не бір жапалы қайғы-қасырет,
ыстық-суық, қуаныш-бақытымен, бұл күнге жеткен екен ары қарай жалғасын тауа
береді. Негізі тілді жоғалтатын да жалғастыратында халықтың, яғни ұлттың - өзі. Ұлт болған жағдайда тіл жоғалған емес
жоғалмайдыда.
Жылма
–жыл елімізде аталып өтілетін Қазақстан
Республикасының Тілдер күні мерекесіне
орай мектебімізде аудандық оқу
бөлімінің нұсқау хаты басшылыққа алынып, 5-15.09 аралығында
жоспарланған іс –шаралар өтілді.
«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі
өтілді. онкүндік уақытында мектеп
фоесінде «Тілден артық қазына жоқ»,
«Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» атты стенд, мектеп
кітапханасында тілге байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 9-11 сынып аралығында
«Тіл тұтастығы - ел тұтастығы» тақырыбында оқушылардың шығармалар байқауы өтіп,
үздік деп 6а сынып оқушысы Рамазан Жанайым шығармасы танылды.
5-15.09
аралығында барлық сыныптарда «Мемлекеттік тіл - менің тілім»
5-11б сыныбы, «Ана тілім –ардағым», 7-8а
сыныбы т.б. тақырыптарда сынып сағаттары
өтілді. Сынып жетекшілері: 8б сынып Савицкая Л.С,
10б сынып Магизамов Т.С т.б
«Тіл
– аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» айдарында:
7б сыныбында «Тіл
мәртебесі – ел мәртебесі» пән мұғалімі Магизамов Т.С., 6б сыныбында
«Тәуелсіздік тұғыры» пән мұғалімі Хамзин
Е.Ш., 6а сыныбында пән
мұғалімі Мағзұм А.А. «Сөз мерген» тіл білгірі сайыс сабақтар өткізді.
Мектепішілік қабырға газеті шығарылып, «Ұлттық тіл-мәдениеттің негізгі
іргетасы», «Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте» тақырыптарында 6а
сынып оқушысы Ғафурбек Айсауле, 8б сынып оқушысы Исмагулова Бахыт өзге ұлт өкілдері арасында
«Ұлтым басқа – тілім қазақ» атты тақырыпта тіл мәселесі жөнінде 10б
сынып оқушысы Локтина Дарья мақалалар жазды. Дәстүрлі түрде жылда өтілетін Абай оқуларының көркемсөз шеберлер байқауы «Өлең сөздің
патшасы» тақырыбында 5-11 сынып аралығында өткізілді. Орыс сыныптарында 10б сынып
оқушысы Локтина Дарья, 11б сынып оқушысы Кияшко Ирина, 8б
сыныбында Исмагулова Бахыт,
7б
сыныбында Михайлова Наталья,
Сарсембинова Жанерке, Шликбаева Гүлдан, Кариева Гүлімай және 6а сыныбында Нұрболқызы Өрік Абай және Махамбет
өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.
Сыныптан тыс мұғалімдер арасында «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты семинар өткізіліп, тілдің құдіреті, тіл
асыл қазына, тіл халықтың өмірі, ел тағдыры, тіл- баға жетпес ұлттық қазына,
тіл қатынас құралы т.б. мәселелер қамтылды. ҚР-да мемлекеттік тілді барынша
дамытуға, оның беделін арттыруға ҚР барлық азаматтарының мемлекеттік тілді
еркін және тегін меңгеруіне қажетті жағдай жасау қажеттігі әңгімеленді. Семинарды өткізуде пән
мұғалімдері: Жусупбекова Ж.К, Хамзин Е.Ш. өз үлестерін қосты
Сондай-ақ оқушылар арасында «Қос тіл –қос қанатым» атты конференция
өткізіліп, оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру жолындағы білімдері,
ой-пікірлері қанатты сөздерді жатқа білу, мақал-мәтелдердің тәрбиелік роліне көп көңіл бөлінді. Көп тіл білу мемлекеттік тілдің меңгерілуі туралы міндеттер, елбасының жолдауы туралы
т.б. мәселеле қамтылды. Конференция
өткізуге тарих пәнінің мұғалімі Ержанова
Ж.А. қазақ тілі пәні мұғалімдері
Мағзұм А.А, Магизамов Т.С. ат
салысты. Мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылар арасында «Достықтың терең тамыры»
атты дөңгелек үстел өткізіліп, ұстаздар мен оқушылар арасында үлкен пікіралмасу
алаңы орын алды.
Сонымен қатар 1-4 бастауыш сынып оқушылары арасында «Достық әндері»
тақырыбында ән және би байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауға 1а,2а,4а,3-4б
сынып оқушылары қатысып, өздерінің өнерімен дүйім жұртты тамсандырды. Кішкентай
бүлдіршіндердің өнерін тамашалауға келген ата-аналар да, мұғалімдер де, жоғары
сынып оқушылары да алған әсерлері өте жоғары болды. Байқауды өткізуге үлес
қосқан бастауыш сынып мұғалімдері: Жалелова Ш.А, Жүсіпбекова А.Ж, Абдрашитова
А.С алғыс білдірілді.
Ұлы
тұлғаларға «Қазақтың хас батыры –
Амангелді» тақырыбында ұлт-азаттық
көтерілістің 100 жылдығына арналған
әдеби кеш ұйымдастырылып, қазақ ой санасында азаттық идеясының құрылу тарихы,
көтерілістің алғашқы ошақтары, олар туралы мәліметтерден сыр шертіліп, әдебиет
пен қоғамның байланысы жайлы ойлар айтылды. Кешті тарих пәнінің мұғалімі Ержанова Ж.Ә.
ұйымдастырды.
Қазақ
әдебиеті тарихында атаулы күндердің, мерейтойлардың орны бөлек. Биылғы тілдер
онкүндігінде Сырбай Мәуленовтың 95 жылдығына орай мектебімізде жоғарғы сынып
оқушылары арасында рефераттар мен баяндамалар байқауы жарияланып, үздік деп
таңылған
11б сынып оқушысы Альмуханов
Абылайханның «Сырбай ақынның сырлы поэзиясы» тақырыбында жазылған баяндамасы
марапаттауға ие болды.
5-11 сыныптар арасында «Мәңгілік
ел – мәртебелі тіл» атты сурет көрмесі өткізілді. Көрмені пән мұғалімдері
және сурет пәнінің мұғалімі Лаган М
ұйымдастырды.
Тілдер
мерекесі күніне арналған кейбір іс-шаралар 22 қыркүйек күні мектепте
өткізілетін Тілдер фестивалі мерекесінде «Достықтың терең тамыры» және «Тілім
менің тірлігімнің айғағы» атты салтанатты жиынға арналып өткізілді.
Ағымдағы жылдың 1-7 қараша аралығында мектепшілік пән олимпиядасы өтті.
Қазақ тілі пәнінен орыс сыныптары арасында 11б сынып оқушысы Кияшко
Ирина, тарих пәнінен 11б сынып оқушысы Альмуханов Абылайхан, орыс
тілі пәнінен 8б сынып оқушысы Исмагулова Бахыт аудандық пән
олипиадасына жолдама алды. Аудандық пән олимпиадасы 9-10 желтоқсан күні өтіп,
қазақ тілі пәні бойынша олимпиадаға қатысқан Кияшко Ирина үкілеген мектеп
үмітін ақтап ІІ орын иегері атанды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі: Магизамов Т.С.
Жыл керуені алға жылжыған сайын Фариза
ақын қыздың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан
құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл
сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр
болып құйыла берері хақ.
Биылғы жылы
«Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...» оқулары аудан көлемінде «Білім Бөлімі» ММ
акт залы қабырғасында өтіп, облыстық сайысқа оқушылар іріктелді.
Мектебіміздің оқушылары екі аталым бойынша байқауға қатысты. І аталы бойынша Фариза Оңғарсынованың
өлеңдерін жатқа оқу сайысында 4а -сынып оқушысы Отар Гүлзана, 7б
сынып оқушысы Кариева Гүлімай қатысып жақысы өнер көрсетіп жатса, 6а
сынып оқушысы Рамазан Жанайым І орын алып, мектеп мерейін асқақтатты.
Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Мағзұм А.А. Келесі аталымда Фариза ақынның сөзіне жазылған
әндерге кезек беріліп, 6а –сынып оқушысы Ғафурбек Айсауле өзінің сазды әуенімен
көрермендерді тебірентті.
2016-2017 оқу жылында Аудандық
Білім Бөлімі мен Тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған кейбір сайыстарға мектеп оқушылары
ауа райы қолайсыздығынан қатынаса алмай қалды.
Бірінші жартыжылдықта гуманитариялық
бірлестікте жоспарланған ІІ отырыс өткізліп, белгіленген мәселелер талқыланды.
ІІ отырыста
Хамзин Е.Ш. «Қазақ
тілі және орыс тілі грамматикасының
ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстыра оқыту» тақырыбындағы баяндамасы
тыңдалды.
Тәжірибе
алмасу мақсатында әдістеме мүшелері
өзара сабаққа қатынасып отырады. Жас мамандарға кеңестер беріліп тұрады. Журнал
толтыру, дәптер тексеру, жазба
жұмыстарының орындалуы ескерілді.
Әдістеме бірлестік мүшелері Тілдер мерекесі, Тұңғыш Президент күні,
Тәуелсіздік күні, т.б атаулы мерекелерді және пән апталықтарын жүргізуде
белсеңділік таныта білді. Әдістеме бірлестігінің соңғы отырысында атқарылған игі істермен ат салысқан
мұғалімдерге табыстар тілеп аталып өтілді.
Биылғы жылы оқушыларды ҰБТ-ға даярлау барысы олардың нәтижесі,
мониторингі қаралды. Бірінші жартыжылдық бойынша оқу пәнінің мониторингі
жасалып, тапсырылды, пәндер бойынша қалыс қалған, жетіспейтін сағаттар жоқ. Әдістеме