«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қыз сыны»

18.03.2017

«Қыз сыны»

        

Жүргізуші: Қыздарың

қыр гүліне балағанда,

                     Қазағым аяулыға санағанда.

                     Әйел-ару, әйел-күн,

әйел-ана,

                     Тірлік нұрын сыйлаған бар

адамға, - дей отырып, құрметті әжелер, аналар, әріптестер сіздерді сегізінші

наурыз халықаралық мерекесімен құттықтаймыз.

 

1 бала: Айналайын

ана,

             Мерекеңмен!

             Сыйлайыншы саған,

             Дала гүлін мен.

             Мерекелі күнің,

             Қандай тамаша!

             Кеудеңдегі гүлің,

             Қалды жараса!

 

2 бала: Ана

әнмен тербетеді,

             Күйге бөлеп жаныңды.

             Көңіліңді сергітеді,

             Балбыратып тәніңді.

 

             Сен ұйықтасаң әнге болды,

             Анаң жаны жайланар.

             Аспандағы айда қалқып,

             Ақ бетіңе аймалар.

 

3 бала: Мен деп

кірпік қақпаған,

            

Менсіз тағам татпаған,

             Бақыты үшін баланың,

             Аман сау бол, ақ мамам!

 

4 бала: Үн

қатасың бал тілмен,

             Еркелеймін әр күн мен.

             Құттықтаймын анашым,

             Сегізінші наурызбен!

 

Ән

 

Жүргізуші: Жапырақтай

сарғайған күздің күні,

                     Қыздың мұңы қашанда жүздің

мұңы.

                     Қыз Жібек пен Баянның

сіңілілерің,

                     Сараптайтын басталды

қыздың сыны.

- дегендей қыздарымызды

ортаға шақырамыз.

 

Жүргізуші: Енді

сіздерді бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныстырайын.

1.     Өзін-өзі

таныстыру.

2.     Үй

тапсырмасы (ата-аналармен бірігіп қол өнерінен қазақ халық оюлармен шағын көрме

жасау,)

3.     Өз

өнерлерін көрсету

4.     Салт-дәстүрлер

5.     Мақал-мәтел  жарысы

6.     Киім

үлгісі

7.     Вальс

билеу шеберлігі

Жүргізуші: Енді

өнерпаз қыздарымызға әділ баға бертін әділ қазылар алқасын сайлап алайық. (Әділ қазыларды сайлайды)

 

Жалғайтын ата салтты бар

елменен,

Жолдардан тұрады ғой

әлем деген.

Бүгінгі бізге келген

қонақтарға,

Басталсын байқауымыз

сәлемменен.

 

Қыздар реттік сан

бойынша өздерімен таныстырып өтеді.

 

Жүргізуші: Бағдарламаның

екінші бөлімі үй тапсырмасы.

(Балалар ата-анасымен бірге әділ қазыларға үйден дайындап әкелген

көрмелерін көрсетеді).

 

Жүргізуші: Бағдарламаның

келесі бөлімі өз өнерін көрсету.

 

Әр қимылды халайық тұрды

бағып,

Толқыныстан тапжылмай

бір қуарып.

Желбір қамзол желбіреп

биге шықты,

Бір ару қыз ортаға мың

бұралып, - дегендей 3-ші номерлі Гүлзана қызымызды ортаға шақырып өнерін

тамашалайық.

 

Жүргізуші: Құлақтан

кіріп бойды алар,

                     Әсем ән мен тәтті күй.

                     Көңілге түрлі ой салар,

                     Әнді сүйсең менше сүй, -

деп Абай атамыз айтқандай, Жанайымды ортаға шақырайық.

 

Жүргізуші: Жаңа

Өріктің орындауында қазақ биін тамашаладық, ал енді Аружан аруымыздың

орындауында өзбек биін тамашалаңыздар.

 

Жүргізуші: Құрметті

қонақтар, сіздер біздің балалардың орындауында әсем ән мен билерін

тамашаладыңыздар, біздің Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғаннан балаларымыз да

көп тілде сөйлеу білуі керек. Сондықтан қазір біздің сайыстың арулары өнерлерін

ағылшын тілінде көрсеткілері келіп тұр.

 

Ән.

 

Жүргізуші: Арманға

алда күткен асығармыз,

                     Біз қалай толқын атпай

басыламыз?

                     Ата салт-дәстүрімізді

жақсы біліп,

                     Сақтықта тұра алатын

арулармыз,- дегендей байқауымыздың келесі бөлімі салт-дәстүрлер туралы айтып

беру.

Қыздар бір сұрақтан алып жауап береді.

 

Жүргізуші: Бағдарламаның

келесі бөлімі қыздарымыз ата-ана, бала, отбасы туралы мақал-мәтел айтып

жарысады.

 

Қыздар бір қатарға тұрып бір-бір мақалдан айтып жарысады. Тоқтап қалған

бала шығып кетеді.

 

Жүргізуші: Әрине

әр қыз бала әдемі киінуді жақсы көреді. Сондықтан біздің келесі тапсырмамыз

киім үлгісі. Ал біздің аруларымыз дайын болғанша жігіттеріміздің орындауында

«Анашым» әні.

 

Ән «Анашым»

 

1 бала: Ақыл

құйған санама,

             Күннен артық расында.

             Күн алыста ал анам,

             Ылғи менің қасымда.

 

2 бала: Таусылмайды

өлені,

             Күнде айтып береді.

             Барған сайын бір жаққа,

             Кәмпит әкеп келеді.

             Әжем менің, өйткені,

             Өте жақсы көреді.

 

3 бала: Өзің

маған шуақ күн,

             Сен деп таңым жиі атты.

             Ақ мамамның айқайы,

             «Айналайын» сияқты.

 

Қыздар әуенмен киім үлгілерін көрсетеді. 

 

Жүргізуші: Ал

мынау көңілді билерін біздің жігіттер топтын аруларына арнайды.

 «Жігіттер биі»

 

Жүргізуші: Енді

бақауымыздың соңғы тапсырмасы вальс биі!

(Ұл балалар қыздарды

биге шақырады).

 

Жүргізуші: Құрметті

қонақтар, біздің қыздарымыз берілген тапсырмаларды бәрін өте жақсы орындап

шықты. Енді әділ қазылар баға бергенше біз ойын ойнайық.

Ойын

 

Хор «Анашым»

 

Әділ қазылар бағалары. Марапаттау рәсімі.

 

Жүргізуші: Құрметті

ата-аналар, аз болса да кішкентай сәбилеріміз сіздерге қуаныш сыйлады деп

ойлаймыз. Мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Уақыт бөліп көргендеріңізге

рахмет.

 

 

 

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст