Әдептілік- адамдықтың белгісі
Көркем мінез кімдерге ұнамайды,
Қамсыз қазақ қартайтқан бұл Абайды.
Әдептілікпен адамдық қатарында,
Тәкәпарлық ешқашан тұра алмайды.
Әдептілік - адамдық белгісі деп,
Шақырғаным айыппа елді Сіз деп.
Сәлемін кішілердіңалмақ түгіл,
Кейбіреулер қолын да бергісі жоқ.
Кісіліктің төрінде жатады үміт,
Сәлемімді алады ата күліп.
Адамдықтың белгісі-әдептілік,
Меніменен жүреді қатар жүріп.
Жүрейік жақсылықты керек қылып,
Жараспас адамзатқа бөлек қылық.
Құметтейік үлкенді, кішіні де,
Адамзаттың белгісі-әдептілік.
Авторы:
6- сынып оқушысы Ғафурбек Айсауле
Ел айбыны-рәміздер
Шаңырағын жүрмес
елім бос құрап,
Кешегі күн
көкжиегін көш қылад.
Елтаңбамыз елеулі
енші біздерге,
Қанат қағып,
тұратұғын қос пырақ.
Бізден мұра тосатұғын
келер күн,
Ел білетін
жетістікпен еленген.
Ұрпақ жатқа айтып
тұрсын Әнұран,
Биігінде
шырқалғандай әлемнің.
Біздер жүрсек
ұлылықты ұлықтап,
Келер ұрпақ
қайсарлықты танытпақ.
Басқалары
сүйсінетін көк туым,
Көк аспанда тұрсын
мәңгі қалықтап.
Елім менің асқар
биік теңдігім,
Ата заңым өшпес
мәңгі байлығым.
Рәміздерім күллі
әлемге асқақтап,
Танытатын Қазақ
атты елімді.
Авторы: 6- сынып оқушысы Нұрболқызы Өрік
Достық
– таусылмас қазына
Бала күннен естеліксің достарым,
Қайран күнім балалығым жас шағым.
Бірге ойнаған күндер қайда кешегі,
Көз жаздым ба сәттерімнен қас қағым.
Мектепке алғаш достар қайда аттаған,
Бала кезден аңғалдығын сақтаған.
Туған жердің құмында ойнап күн кешкен,
Достарымның көңілімнен бақ табам.
Білім алып бір мектепте оқыған,
Бір сыныпты айқай –шумен көшірген.
Үзілісте аулада ойнап жүгірген,
Кетер емес қайран достар есімнен.
Авторы: 6- сынып оқушысы Рамазан Жанайым
Ұлы
жеңіс
Жеңіс келіп төріме
Тыныштық келіп
орынады.
Бабалардың ерлікпен,
Фашизімді жеңгені.
72 жыл толып
Күліп таңдар атқалы.
Боздақтарға
ұрпақтың
Мәңгілік алау
жаққаны.
Өтседе мейілі қанша
жыл
Ұлы ерлік мирас болып қалғаны.
Көрмесекте біз
соғыс зардабын
Бас иіп өтер
ұрпағы.
Авторы: 1- сынып оқушысы Ысқақ Мадина
Ұлы жеңіс тарихы
Қаншама жылдар өтті
шежірелі
Ұрпаққа енші болып
қала берді.
Қан мен жастың
өтеуіндей тарихты,
Жас ұрпақтар
естігенде елжірер.
Қайсарлық пен
намысты қару қылған
Қаншама азаматтар
үлгі маған
Қырдың қызыл
гүліндей жұлынбаған
Төрімде тұр
қазақтың қос жұлдызы.
Сұм жылдары қанша
боздақ қанын төкті,
Қарсы тұрды көрседе
жаудан тепкі.
Кеудесімен жау оғын
қалқан болып.
Отанды қорғау үшін
қанын төкті.
Ұлы жеңіс тарихы
ұмытылмас.
Кейінгі ұрпағына
аманеткен.
Бабалардың еліне
тіккен туы.
Көгімде көк
байрағым желбірейді.
Авторы: 1- сынып оқушысы Марат Досжан
«IQ
center »нтеллектуалды білім порталы қашықтықтан өткізген байқауға
Октябрьдің
50 жылдығы атындағы орта мектебінен қатынасатын оқушылар
№ |
Оқушының аты-жөні |
Сыныбы |
Байқау аты |
Байқау жанры |
Мектебі |
Жетекшісі |
1 |
Ғафурбек Айсауле |
6 |
Әдептілік- адамдықтың белгісі |
Өлең |
Октябрьдің 50жылдығы атындағы орта мектебі |
Мағзұм Анаркүл Ансағанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі |
2 |
Нұрболқызы Өрік |
6 |
Ел айбыны-рәміздер |
Өлең |
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебі |
Мағзұм Анаркүл Ансағанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі |
3 |
Рамазан Жанайым |
6 |
Достық-таусылмас қазына |
Өлең |
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебі |
Мағзұм Анаркүл Ансағанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі |
4 |
Ысқақ Мадина |
1 |
Ұлы жеңіс
|
Өлең |
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебі |
Абдрашитова Анар Сантаевна бастауыш сынып мұғалімі |
5 |
Марат Досжан |
1 |
Ұлы жеңіс тарихы
|
Өлең |
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебі |
Абдрашитова Анар Сантаевна бастауыш сынып мұғалімі |