Мектепалды
лагерьдің жабылуына арналған «Көңілді мәре» атты спорттық ойын жүргізілген
болатын.
Шарты: Балаларға алдын-ала
алтын қазына іздейтіндері туралы ескертілген болатын.
Ойынның
барысы:
Балаларға төрт бағытта ілінген белгі бойынша
тапсырма бар екені, ондағы жазылған тапсырманы орындағаннан кейін алтын
қазынаны іздеуге болатыны айтылды.
Тәрбиеші: Құрметті кішкентай
бүлдіршіндер!
Сіздерге бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін
«Көңілді мәре» атты байқауды немесе ойынды ұсынамыз.
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ,
мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Бізде тәрбиеленуші
ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да, парасатты, тәрбиелі де инабатты ару
қыз болып қскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарысыщбен, ұлдарымыздың
лагерьде қандай дайындықпен келгендеріне көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты, - деп ең алдымен сіздерге
әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.(бұнда екі әділ-қазы сайланып, тек
олардың ойынның бақылап, тұрады)
Тәрбиеші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі лагерьдің
Сайысты біз бастайық.
(ортаға бүгінгі ойынға қатынасатын балалардың бәрі
шығып, ойынға қаншалықты дайын екендерін айтып өтеді)
Тәрбиеші:
Мың бұралған балалар аңдап басып,
Келеді міне, ортаға толқып-тасып. Бүлдіршіндерді
сыйлаған халқым менің,
Ойынға қошаметпен қарсы алайық.
Ойынды бастамас бұрын, ойынның шарттарымен
таныстырып өтейін:
Ойынның
шарттары:
Балалар жасырынып ілінген төрт белгіні тайып,
сондағы жазылған тапсырманы орындаулары керек.
1. Өздерін білетін өлеңді
шырқап, бер.
2. Доппен білетін ойынды
ойнап, көрсетіндер.
3. Қосылған ырғаққа
байланысты, қимыл көрсет.
4. Жасырын көрсеткен суретке
байланысты жануарлармен, құстарды іс-қимылмен
көрсете біл.
Тәрбиеші: «Көңілді мәре» ойыннына
қатысушы бүлдіршіндерге арнап, әсем ән қосылып, бүлдіршіндер ортаға биге
шақырылады.
Оқушылар бәрі бірігіп, белгіні іздеп, рет-ретімен
тауып, тапсырмаларын орындайды. Әр белгіні тапқан сайын қосымша тапсырмалар
беріліп, бүлдіршіндер ортақтаса отырып,
жауабын бірігіп тауып отырды.
1 қосымша берілген тапсырма.
«Кім ойға
жүйрік» (жұмбақ шешу)
Жұдырықтай қызыл шар
Тілді үйірген шырын бал. (алма)
Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты, дәмі бал сияқты. Ол не? (шие)
Аласа бар, қарасы бар, ағы бар,
Пышақ тисе қып-қызыл болып жарылар (қарбыз)
Жер астына түседі,
Сап-сарғыш боп піседі (сәбіз)
Күннен көзін алмайды.
Өзгемен ісі болмайды. (күнбағыс)
Көктемде ерте гүлдеймін, кешігуді білмейді,
Піспей тұрған кезімде, меннен аулақ жүр! – деймін (өрік)
2 қосымша берілген тапсырма.
«Шебер қолдар»
(топтасып
жасаған бес он минуттық жұмыс)
3 қосымша берілген тапсырма.
«Өнерлі
өрге жүзер» (топтасып өнерлерін көрсетеді)
4 қосымша берілген тапсырма.
«Жалғауын
тап»
айтылған әңгіме, ән, ертегі болсын аяқтау керек.
Ойынның соңында жасыл желектің арасында жасырылып
қойған, алтын қазынаны іздеуге кірісті.
«Көңілді мәре» мәресіне жетіп,
бүлдіршіндерге тәттілермен, сыйлықтар табыс етіледі.