Тәуелсіз елім менің Қазақстаным
2017 жылдың 16 желтоқсанында мемлекетіміздің басты
мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік
іс-шара өткізілді.
« Тәуелсіз елім Қазақстан» атты іс-шара өтті. Сахна мерекеге сай
безендірілді. Мектеп фойесінде оқушыларының қатысуымен өтілді. Тәуелсіздік
мерекесіне арналған іс-шаралар «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты әдеби сазды
кешпен жалғасты. Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Мектеп
директоры Жылқыбаев Досымхан Каркимбаевич
мерекелік кешті ашып, барша ұстаздар қауымын «Тәуелсіздік күні»
мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді.
2 «А» сынып оқушылары « Тәуелсідік ұланымыз»
әнімен мерекені ашты.
Шара бағдарламасы өте тартымды болды. «Желтоқсан
алаңы» өлең шумақтарын оқушылар мәнерлеп оқып шықты.
2 «А»
сынып оқушылары «Өзбек» биін және 3-5 сынып оқушылары «Қамажай» биін билеп, мектеп оқушылары патриоттық әндерін шырқады.
Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасынан сыр шертетін
видеофильм көрсетілді.
Тәрбиелік және патриоттық негізде өткен іс-шара
орындауындағы «Тәуелсіз ел- Қазақстан» әнімен аяқталды.
Іс-шараға жауапты бастауыш сынып мұғалімі
Абдрашитова Анар Сантаевна