Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта
мектебінде өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі
жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның
бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында-
Тәуелсіздіктің, бейбітшіліктің, жасампаздықтың 26 жылдық мерекесіне орай «Біз-
Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты салтанатты жиын өтті.
Салтанатты рәсімді директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Т.Д. Серикбаев ашып жас қырандықтарды құттықтап, белсенді
болуға шақырды.
Мемлекеттік ту
енгізіліп, әнұран шырқалды. «Жас қыран» қатарына 1-4А,Б-сынып оқушылары, «Жас ұлан» қатарына 5
А,Б-сынып оқушылары қабылданды.Олардың арасында оқу озаттары,сынып белсенділері
бар.Ұстаздар мен мектебіміздің өзін-өзі басқару кеңесі мүшелері аспан түстес галстук,
қыран құс бейнеленген төс белгілерін жас ұландықтар мен жас қырандықтарға
тағып, елімізді алға жетелейтін халыққа қалаулы азаматтар мен азаматшалар
болуды тіледі. Бір саты жоғары өскен жас ұландықтар мен жас қырандықтар риза болып,көздерінде күлкі ойнап, мәз болды.
Өмірде жолдарың ашық болсын жас ұлан және жас
қырандықтар дегім келеді
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мағзұм А.А.