Ақмола облысы Жарқайың ауданы
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебі
2018 жылы 30 қаңтарында 5 «а»,6 «а»,7 «а» сыныптарында: «Рухани жаңғыру -туған
жер тұтастығы мен ел болашағы» атты сынып сағаты өтілді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қосасамыз. Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған
егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы.
Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз. Осының барлығын ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап,болашақ ұрпағына аманат еткен.
Соған байланысты мектебімізде ашылған музейге оқушылар саяхат жасады. «Шебердің қолы
ортақ» атты мектеп оқушыларының қолдан жасаған бұйымдарына қызығушылықпен карады.